Флорида мектебіндегі атыстан 17 адам қаза тапты
Қанды оқиғаны ерсі қылығы үшін мектептен қуылған оқушы ұйымдастырды. Ол осыған дейін де сыныптастары мен мұғалімдерге сес көрсетіп келген
Оқиға 14 ақпан күні орын алды, деп хабарлайды lenta.ru. Мектептен шығып қалған оқушы жартылай автоматты AR-15 мылтығымен қаруланып келген. Алдымен өрт дабылын қосқан қылмыскер алдымен оқушылар мен мұғалімдерді дүрбелеңге салуды көздеген. Тек осыдан кейін оқ атып бастаған.
Нәтижесінде 17 адам қаза тауып, тағы 14-і жарақат алған. Жарақат алғандардың кейбірі ауыр халде жатыр.