Олимпиадалық канал қазақстандық чемпион туралы фильм ұсынды
Фильмнің бастапқы бөлігінде Денис Теннің өмірбаяны мен Қазақстанды қалай әлемге танытқаны туралы баяндалады
Бүкіләлемге танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстанды ерекше ел деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Мен - Денис Тен, мәнерлеп сырғанаушымын. Қазақстанда дүниеге келдім. Менің елім өте ерекше. Ол әлемге айтарлықтай танымал емес. Қазақстанға 20 жылдан асты, мен 23 жастамын. Жастымыз деуге болады. Алғаш мұз алаңына шыққанда, мәнерлеп сырғанау туралы ой болған жоқ. Сырғанайтын орын да, арнайы мекемелер де, тіпті, коньки сатып алатын жер де болмады. Мен тәжірибелі деңгейде тоғыз жыл қатарынан айналыса алмай келдім. Бес жаста болғанда ата-анам мәнерлеп сырғанау мен музыканың қайсысын артық көресің деп сұрады. Мен бірден мәнерлеп сырғанау деп жауап бердім. Бұл нағыз ләззат алған спорт еді. Тоғыз жасымда анам Сібірде өтетін жарыс туралы естіді. Қалай да оған қатысып, жеңіп шықтым. Қазақстанда мені де, мәнерлеп сырғанауды да ешкім біле бермеді. Сол кезден бастап мәнерлеп сырғанау - менің жұмысым, мәнерлеп сырғанау - өзім екенін түйдім, - дейді Тен фильм барысында.
Ол Кореядағы Олимпиада ойындарына қатысудың маңызы зор екенін де айтып өтті.
- Кореяда өнер көрсету шеберлігімді танытудың мүмкіндігі. Үлкен атам Корея тәуелсіздігі үшін арпалысқан генерал болған. Ол мен туралы не ойлар еді? Мақтанар ма еді? Бұл мен үшін ерекше ойын. Мен Кореяға ерекше бағдарламамен келдім, - дейді Денис Тен.