Пхёнчханда XXII қысқы Олимпиада ойындары-2018 басталды
Бүгін, 9 ақпан, Астана уақытымен 17.00-де "Хванге" саябағында оңтүстіккореялық Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді
Фотода Сергей Ткаченко
Шараның ресми ашылуы әлі өтпесе де, алғашқы ойындар кеше басталып кеткен.
Қазақстандықтардың ойынын алғашқы болып зыряндық шаңғышы Сергей Ткаченко ашты. Ол HS 125 трамплиннен секіріп, 57 қарсыластың арасында 51-орынға (83,7 балла) тұрақтады. Ткаченко финалдық топқа өтпей қалды, енді 10 ақпанда HS 140 трамплиннен секіруге қатысады.
9 ақпанда фристайлшылар қарлы шыңға көтерілді. 30 спортшының арасында өскемендік могулшы Юлия Галышева бірінші біліктілік нормативін орындап, 10-ның ішінен 7-ші болып түсті. Ал екінші өскемендік могулшы Аяулым Амренова 26-орын алып, бірінші реттен біліктілік нормативінен өте алмады. 11 ақпанда 16.30-да екінші біліктілік нормативі өтсе, 18.00-де финал.