Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

9 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ақ үй КХДР мәселесін дипломатиялық жолмен шешпек


Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Радж Шах мәлімдеді, деп хабарлайды  РОСБАЛТ.

- Солтүстік Корея мәселесіндегі біздің стратегиямыз -  денуклеаризация. Бұл режім мен оның ядролық бағдарламасына саяси қысымды күшейту. Бұл шаралар бұл жылдары жетістікке қол жеткізді. Ондаған ел Солтүстік Кореямен қарым-қатынасын үзді. Ал біз режімге максималды түрде қысым көрсетудеміз..., - деді Шах.

Естеріңізге сала кетейік, Пентагонның басшысы  Джеймс Мэттис АҚШ қарсыластың ядролық соққысына одан да жойқын жауап бере алатындығын мәлімдеген.


Вайнштейнге қарсы тағы үш іс ашылуы мүмкін



Лос-Анджелес прокуратурасына Вайнштейнге қарсы тағы үш іс келіп түсті

Лос-Анджелес прокуратурасы Харви Вайнштейннің үстінен түскен сексуалды күш көрсеткені бойынша айыптауларға байланысты үш істі тергеуде. Бұл туралы  Reuters сайты хабарлады округтік прокуратура офисінің баспасөз хатшысы Грег Рислингке сілтеме жасай отырып

Оның сөзіне сүйенсек, жаңа істер мекемеге 18 ақпанда жіберілді. Ал продюсерге қарсы арыз берген кім екені көрсетілмеген.

Айта кетейік, 40-тан астам әйел  Харви Вайнштейнді зорлық жасады деп айыптауда. Олардың арасында танымал актрисалар Анджелина Джоли, Гвинет Пэлтроу, Ума Турман және Сальма Хайек та бар. 


Трамп билікте отырған уақытта АҚШ-тың қарызы $544 млрд -қа артқан


МИР 24 сайты хабарлағандай, бұған дейін республикалықтар мен демократтар үкіметтің федералды бюджетіне байланысты екі жылдық келісімге келген. Алыс-беріс үрдісі 2019 жылдың наурызына дейін жаңарту көзделген. Келісімге сараптама жасала келе, мамандар қарыз лимитін келер жылдың 1 наурызына дейін тоқтататындығын аап өтті. 

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 544 млрд долларға артып, бүгінде 20,494 трлн долларды құрап отыр.


Желі пайдаланушылары күйзеліспен күресудің ерекше жолын тапты


Әлеуметтік желі пайдаланушылары біреудің саубын кесіп отырған бейнежазбасын тамашалайды, деп жазады  Zakon.kz сайты.

Бұл бейнероликтер  ASMR (Автономды сенсорлы меридионалды реакция) бағытына жатады. Бейнероликті көріп, дыбысын естіген адамның бұлшықеттері рахаттанып, жақсы әсер алады. Күйзеліс пен шаршағаны басылып, денесі түршігеді. Бұл стерсспен күресуге көмектеседі.



Следующая →