Астаналық кикбоксер жарыста күміс алып, кейін естен таңып қалған
Петропавл қаласында кикбокстан Қазақстан кубогі ойнатылып, астаналық спортшы күміс алған
Ал бір жарым сағаттан кейін спортшы естен танып құлаған. Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналиннің айтуынша, жекпе-жек тартысты өткен, алайда нокаут та, нокдаун да болмаған.
- Екінші орын алған Азамат Досымбай марапаттауға қатысып, медаль мен кубок алды. Біз қойған сұрақтардың барлығына жауап берді. Алайда көшеге шыға қалысымен, естен танып құлады, - дейді Есеналин.
Жедел жәрдем шақырылған. Қазір дәрі-дәрмекпен емделіп жатыр, алайда спортшы әлі есін жиған жоқ, комада жатыр.