АҚШ Айға ұшпақ
АҚШ Президенті Трамп Айға бірнеше спутник жіберу туралы заңға қол қойды
АҚШ Айға спутник жібере отырып, айдан Марсқа ұшудың жоспарын жасамақ.
- Мен Американың ғарыш бағдарламасын ұзақ зерттеу жүргізу мен адамзатқа қажетті жаңалық ашу үшін құжатқа қол қойып отырмын. Әлемде алғаш болып америкалықтар Айға қонған. Біз ізімізді жалғастырып, Айда ұзақ зерттеу жұмыстарын жүргіземіз, - деп атты Д.Трамп Ақ Үйде болған салтанатты кеште.
Аталған бағдарламаның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Әсіресе, инженерлер үшін жұмыс көп.