Екібастұздық қыз таэквандодан Әлем кубогының чемпионы атанды
Минскіде таэквандодан ITF Әлем кубогы өтті. 35 елден екі мың спортшы қатысты
Қазақстан өзінің төрт спортшысын ұсынды, деп хабарлайды zalon.kz сайты. Олардың барлығы Павлодар қалалық БЖСМ-1 таэкванда бөлімінің аға жаттықтырушысы Азамат Шакиловтың тәрбиеленушілері. Жас таэквандошылар жоғары деңгейдегі керемет дайындық көрсете алды.
7 сынып оқушысы Рустам Нуров 35 кг салмаққа дейінгі кадеттер арасында екінші орынды иеленді.
10 сынып оқушысы Али Узханов 45 кг салмаққа дейінгі юниорлармен арпалысып, күміс жүлде иегері атанды.
5 сынып оқушысы Алина Самбуева екінші орынға ие болды.
Ал 7 сынып оқушысы Гүлжамал Мырзахан барлық қарсыластарын жеңіп, Әлему кубогы – 2017 чемпионы атағына ие болды. Қыз бала 1 сыныптан бастап спортпен айналысып келеді. Бүгін ол шеберліктің ең жоғарғы деңгейін көрсете алды.
Следующая →