Ресейде Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін
Ресейдің негізгі телеарналары қысқы 2018 жылғы Олимпиада ойындарын көрсетуден бас тартуы ықтимал
Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік құрылтайшылары Ресейлік допингке қарсы агенттік құқығын қалпына келтіруден бас тартып отыр. Осылайша корейлік Пхенчхан қаласында өтеді деп жоспарланған Қысқы Олимпиада ойындарынан Ресей құрамасы шығып қалу мүмкін.
Бастапқы сәтте Олимпиада ойындарын «Ресей 1», «Матч ТВ» және «Бірінші» телеарналары көрсетуді жоспарлаған. Алайда егер, ресейлік құрама Ойындарға қатыспайтын болса, аталған арналар өз ойларынан бас тартады. Түсіру құқығына ондаған миллион доллар қаражат жұмсалады – кейін бұл қаражаттар жарыс арасында көрсетілетін жарнамалармен ақталады.
Алайда орыс көрермендерінің басым бөлігі бірінші кезекте өз құрамаларын қолдайды. Олардың Ойындарға қатыспауы жарысқа деген қызығушылықты төмендетіп, төмен рейтингтер арналардың шығындарын өтеп бермес.
Следующая →