Мүгедек қарияны тоғыз қабатты үйдегі өрттен алып шықты
Өрт сөндіру қызметі Сәтпаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен 78 адамды далаға шығарып, тағы төрт тұрғынды көтеріп алып шыққан
Бүгін таңғы уақытта ЖМК ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің арбаға таңылған қария тұратын бесінші қабатында өрт шыққан.
Өрт сөндіру қызметіне қарияның тағдырына алаңдаған көршілері қоңырау шалған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, пәтерге кірген. 39 жастағы II топтағы мүгедек қария бұл уақытта төсекте жатқан. Ол ешқандай зардап шеккен жоқ.
Сонымен қатар, 87 жастағы көрші пәтердегі қария мен екі баланы, үйдің 78 тұрғынын да сыртқа шығарды.Өрт ауыздықталып, зардап шеккендер болмады.
Следующая →