Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Алтай» командасы жеңіске жетті

Әйелдер арасында волейболдан өткен Қазақстан Республикасы Кубогінің ойындары Өскеменде аяқталып, шығысқазақстандық «Алтай» командасы жеңіске жетті

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ақтық сында кездескен павлодарлық «Ертіс-Казхром» командасы мен «Алтай» ойыны 5 сетке дейін созылды. 2:3 есебімен жеңіске жеткен «Алтай» ойыншылары ҚР Кубогінің иегерлері атанды.

- Сіздерді Қазақстан Республикасы Кубогі ойындарының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта «Алтай» командасын әлем чемпионатында, Токиода өтетін Олимпиада ойындарында көргіміз келеді. Біз ол үшін қолдан келгенді аянбай, қолдау көрсетеміз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, – деді жеңімпаздарды құттықтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, Сана Анарқұлова «Алтай» құрамасындағы «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Екінші орын павлодарлық команда қанжығасына ілінсе, үшінші орынды «Жетісу» командасы иеленді. Ал облыс намысын қорғаған екінші «Алтай 2» командасы төртінші орыннан көрінді. 

Следующая →