Қазақстан Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға шақырды
Қазақстан тағы да Солтүстік Корея билігінен ядролық қарудан бас тартуға шақыруда
2017 жылдың үшінші қыркүйегінде Солтүстік Корея үкіметі сутегі бомбасын сынақтан өткізетіндігін мәлімдеген еді.
Осы орайда, Қазақстан КХДР-дың бұл әрекеттері мүлде қолайсыз екенін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзатынын атап өтіп, осы сынақты батыл түрде айыптайтындығы туралы мәлімдейді, деп хабарлайды ҚР СІМ сайты mfa.kz.
- Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға Жапониямен бірлесіп тең төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың бұл іс-әрекеттері дүниежүзілік қауымдастықтың ядролық қаруды жою мен оны таратпау тәртібін күшейтуге ұмтылған күш-жігеріне, сонымен қатар бүкіл әлем мен Корей түбегіне және жалпы сол өңірге ауыр қауіп төндіріп отыр деп есептейді, - делінген ведомства хабарламасында.