Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы атанды
Қазақстандық команда Вроцлавтегі Бүкіләлемдік ойындарда олимпиадалық емес спорт түрлерінен қоржынға екі медаль әкелді
Шілденің 20-сы мен 30-ы аралығында Вроцлав қаласында олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындар өтті, - деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Тай боксы сайысында қазақстандық команда құрамында 4 спортшы сынға түсті.
Дода қорытындысы бойынша, тай боксынан отандық команда екі медаль жеңіп алды.
Еламан Саясатов 54 кг салмақ дәрежесінде Бүкіләлемдік ойындар чемпионы атанса, Алмаз Сарсембеков 57 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде иегері атанды.