Барселонада бетперде кигендер туристер отырған автобусқа шабуыл жасады
Барселонада бетперде киген төрт белгісіз азамат туристердің автобусына шабуыл жасаған, деп хабарлайды The Daily Mail басылымы
Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, бұзақылар автобус Камп Ноу стадионына тоқтаған уақытта шабуылдаған.
- Бетпердедегі адамдар автобусты қоршап алып, айқайлай бастаған. Біз сатыдан біреу пышақ немесе қару алып шығатын шығар деп қауіптендік. Бірақ олар граффити салып кетіп қалды. Өте қорқынышты болды, - дейді туристердің бірі.
Бұзақылары автобустың дөңгелегін жыртып, автобус терезесіне «Туризм ауданды құртады» деген жазба қалдырған.
Алдын ала болжам бойынша, олар – жаппай туризмге, Испанияның ойын-сауық алаңына айналуына қарсы азаматтар болып шыққан.