Қазақстандық семсерші Азия чемпионатын жеңіп алды
Гонконг қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатының финалдық ойынында өскемендік Руслан Курбанов үш қарсыласын да сұлатып түсірді
1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді. 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан Курбанов бастапқыда әлсін ойын көрсеткенімен, кейін барын салып Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңісті тартып алды. Ал финалдық жарыста Оңтүстік Кореядан келген тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, есесін жібермеді.
Үш бірдей мықты қарсыласты қапы қалдырған Руслан Курбанов Азия чемпионатында жеңіске жетіп, алтынға ие болды.
Қаншама дайындықтың арқасында қол жеткізген «алтынның» иегері, мен оның бапкері Ссергей Ананьевке көршілес Ресей, Түркия сынды өзге елдерден құттықтаулар келіп түсуде.
- Жеңісімізбен жан-жақтан құттықтап жатыр. Бұл дегеніміз еліміз үшін де, шығыс өңірі үшін де үлкен мәртебе! - деп қуанышымен бөлісті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.