АҚШ-та Трамптың қаржылық деклорациясы жарияланды
98 беттен тұратын құжаттарда АҚШ презижентінің 2016 жылғы кірісі туралы ақпараттар қамтылған
АҚШ-та Дональд Трамптың 2016 жылғы қаржылық деклорациясы жарияланды. Құжат жұма күні американдық Этика сұрақтары бойынша бюро сайтында жарияланды.
98 беттік құжатта оның сан салалы кіріс көздері туралы ақпараттар қамтылған.
Жалпы Трамп өткен жылы 565 түрлі компаниялар мен ұйымдардан 288 млн доллар көлемінде кіріс көрген. Вашингтондағы қонақүйдің өзінен 19,7 млн доллар, «Мар-а-Лаго» шипажайынан 37,2 млн доллар, Бедминстердегі гольф клубынан 19,8 млн доллар және өзінің кітаптарынан қаламақы ретінде 7 млн пайда көрген.
Айта кету керек, АҚШ президенті өзінің қаржылық деклорациясын өз қалауы бойынша берген. Алайда Трамп жаряилауға бас тартқан салық деклорациясында оның кәсіпкерлік қызметі жайлы ақпараттар ауқымдырақ.