Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Азия чемпионатында бас жүлдеге ие болды

Жарма ауданының тұрғыны Зарина Примак мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен ашық Азия чемпионатына қатысып, жүлделі оралды

37 жасар Зарина Примак І топтағы мүгедек саналады. Қос аяғынан 3 жасында айырылған арудың армрестлингпен айналысқанына екі жылдай болды. 

 - Маған жарысқа қатысу ұсынысы түсті. Бағымды сынап көріп едім, бірден бірінші орынға ие болдым. Кейін облыстық, республикалық жарыстарға да қатыстым, - дейді Зарина Примак.  

Қол күреспен айналыса бастағаннан-ақ ол тек бірінші орындарды қанжығалап келеді. Алғашқы жарысы аудан көлемінде өтсе, ең ірі жарысы Азия ойындары саналады. 

 - Биылғы Азия ойындарында қарсыластарым көп болды. Олардың басым бөлігі - мүгедектер арбасындағылар. Қарсыластарымның мықтылығы мен санына қарамастан жеңіске жеттім, - деп қосты Зарина Примак.  

Азия чемпионатына осымен екінші рет қатысып отырған Зарина Өзбекстандық 3 дүркін әлем чемпионын жақсы қарсылас ретінде бағалап отыр. Алайда Зарина ол қарсыласын екі жыл қатарынан жеңіп, өзінің мықтылығын да танытып келеді.  

- Зарина кең пейілді, алдына қойған мақсатына жете білетін жан. Бір жылда қол күрестен 3-4 жарыс өтеді. Ол барлығына қатысып отырады. Үй жағдайында күнделікті дайындалса, аптасына бірнеше рет спорт залға барып шынығады, - деп атап өтті Заринаның апайы Елена Жаваронкова.  

Зарина бірінші рет қатысқан Азия чемпионаты Өзбекстан елінің Ташкент қаласында, екінші рет Қырғызстанда өтті. Енді спортшы Венгрия елінде өтетін армрестлинг бойынша әлем чемпионатына дайындалуда. 

 Айта кету керек, армрестлингпен айналысқанына аз уақыт болғанына қарамастан, Зарина Примак халықаралық спорт шебері атанып үлгерді

Следующая →