Головкин мен Альварестің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 69.9 келі салмақ дәрежесіндегі мексикалық Сауль «Канело» Альварестің айқасы 16 қыркүйекте, Мексиканың Тәуелсіздік күні өтеді
Ал Sports.kz сайтының хабарлауынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қыркүйекте жекпе-жек өткізетіндіктерін растаған.
Boxingscene.com сайты айқас өтетін күнді нақты жариялап отыр. Жекпе-жек 16 қыркүйекте Мексиканың Тәуелсіздік күні ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетсек, "Канело" кіші Хулио Сезар Чавесті жеңгеннен кейін, Головкинді рингке шақырып, екеуінің жекпе-жегі қыркүйекте өтетіні туралы мәлім етті.