Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Төлеген батырдың ерлігін еске алды

Шығыс Қазақстан облыстық «Достық үйі» ғимаратының Төлеген Тоқтов көшесінде орналасқанына биыл екі жыл толты

Соған байланысты Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы Кеңес Одағының батыры атағын алған тұңғыш қазақтың - Төлеген Тоқтаровтың көшесін атап өту шарасын өткізді. 

Көше мерекесін тойлау шарасына облыстық этномәдени бірлестік жасөспірімдері, мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, облыстық Ассамблея жанынан ашылған Жастар лигасы, Аналар Кеңесі, «Үміт» балалар үйі қатысты.

- Шарамызға жастар мен мектеп оқушылары қатысып отыр. Басты мақсатымыз да осынау жастарымызға қазақтың батыры, небәрі 22 жасында шейіт болған Төлеген Тоқтаровты таныстыру, соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер жайында мәлімет беру, сол арқылы жас буынды патриоттық тәрбиеге баулу, - деді «Достық үйінің» директоры Елдар Төлеубеков.

Мереке барысында «Вайнах» этномәдени бірлестігінің бишілері, «Ажарым» вокалдық ансамблі, «Рассвет» вокалды балалар хоры өз өнерлерін көрсетті.

- Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларымыз бір жыл бойы жалғасады. Этноауылда «Достық аллеясын» орнаттық, Ахмер кентіндегі жергілік әскери гарнизон бөлімдерін мерекелік бағдарламамен құттықтадық, Жастар лигасы қоғамдық көлікте өткен ғасырдың 40-жылдарындағы киім үлгісін киіп әскери әндер орындады. Ендігі кезекте соғыс, тыл ардагерлерін құттықтау парызымыз болып тұр, - деді ШҚО ҚХА хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Облысымыздың тумасы, қан майданда 9 күн-ақ соғысқан, қысқа ғана уақыттың ішінде 110-нан астам жауды жер жастандырып, дұшпанның пулеметін кеудесімен жауып көзсіз ерлік көрсеткен Төлеген батыр жайында естеліктер айтылды.

- Қазақтың қарапайым ғана қара домалақ баласы. Алайда жаудың 150 отты оғын кеудесіне қабылдап, қансырап жатса да пулеметтің көзін көкірегімен жауып қаза тапқан нағыз тарихи ерлікті жасап кетті. Мұндай ер мінезді жастарымыз арамызда көп. Өсіп, жетіліп келе жатыр, - деді тебіреніп облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Роза Дәуітова.

Сонымен қатар, Роза Дәуітқызы қаламызда даңқы батырымызға арнап ескерткіш бюст орнатса деген арманы бар екендігін, егер басшылық рұқсат берсе Төлеген Тоқтар көшесімен қатар орналасқан «Жастар» саябағының аты тұңғыш батырымыздың кұрметіне берілсе деген ұсынысын айтты.

Қазіргі уақытта Төлеген Тоқтаров атында Өскемен, Қызылорда, Риддер, Зайсан, Алматы және Астана қалаларында көше атаулары бар. Ұлан ауданында Т.Тоқтаров атындағы ауылдық округ бар. Риддер қаласында, Герасимовка кентінде Төлеген батырдың ескерткіші орналасқан.

- Тұңғыш Кеңес Одағы батыры атағын алған қазақ жауынгеріне қаламызда ескерткіш орнатсақ, жас ұрпақты ерлік пен елдікке тәрбиелеуде үлкен үлгі болмақ, - деді Роза Дәуітқызы.

Кеш соңында Төлеген батырдың өміріне қатысты балалар арасында викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар батырдың сүйікті спорты, мамандығы, жұмыс жасаған орны, соғысқан дивизиясы жайында ақпарат алды.

Қымбат Слямбеков

Следующая →