Головкинге атын өзгертіп, жекпе-жекке тақиямен шығу ұсынысы айтылды
Қарағандылық спорт кешеніне Геннадий Головкиннің атын беру ниеті туғаннан кейін, жергілікті мұсылмандар Қазақстан мұсылмандар Одағына атақты боксердің атын өзгерту туралы кеңеспен келді
Қазақстан мұсылмандар Одағы баспасөз қызметі хабарлағандай, ұлттық ерекшелікті айқындау үшін және туған қаласы мен бүкіл Қазақстанның шетелдегі беделін таныту үшін жаңа есім – Генабек Қара-бас атын беруді ұсынған. Қарағанды туралы «Қара» сөзі куәлік болады, ал «Бас» сөзі тек жөнін аударып қана қоймай, боксерлік ақылының белгісі болады. Спортшының алаңға шығу барысында қазақ мәдениетін ашық айқыштайтын белгісі болуы керек дейді жерлестері. Жекпе-жек басында және соңында киетін шапаны әрине жақсы, бірақ бұл көрсетілімнің уақыты тым қысқа. Ұлттық әсерді айқыштау үшін жерлестері Геннадиге сақал-мұрт өсіріп, шашын тақырлауын сұрайды. Оның шолақ шалбары қазақтың дәстүрлі «дамбалын» еске түсіру керек. Бірақ, қарағандылықтар ең жақсы нұсқа ретінде Головкиннің тақия киіп, айқас соңына дейін шешпегенін құп көреді. Соққыдан тақиясы ұшып кетпес үшін, арнайы жабысқақ таспамен бекіту керек. Бұл мәлімдеменің барлығы халықаралық бокс ұйымына ережелерді өзгерту туралы өтініш пен Геннадий Головкинге жаңа жабдықта шығуға рұқсат сұрап жіберіліп қойды.