ИШИМ хакерін АҚШ түрмесіне жеткізді
АҚШ-тың Вирджиния аймақтық соты американдық сарбаздар мен офицерлердің жеке мәліметтерін шеттегі компаниядан ұрлап ИМ лаңкестеріне жіберген 20 жасар хакерді түрмеге қамады
Тергеу ақпараттары бойынша Косовоның 20 жасар азаматы желілік «Th3Dir3ctorY» жасырын атымен танымал Ардит Феризи американың қорғаныс министрі мен АҚШ билігіне керек-жарақ таситын және ондаған мың мемлекеттік қызметкерлеріне, әскерилердің жеке мәліметтеріне ие сауда компаниясының ақпараттық базасына кіріп кеткен.
Ең көп дегенде 1300 американдық сарбаздың мәліметін жымқырып кетіп, «Ислам Мемлекеті» (РФ территориясында тыйым салынған ұйым) жинақтаушысы Джунайду Хуссейнге беріп жіберген. Сонымен қатар бұл ақпараттарды Twitter-ге жариялап жіберген.
АҚШ федеральді прокурорларының айтуынша Феризи бұл ақпараттарды ИШИМ-ге американдық әскерге лаңкестер «лайықты түрде соққы берсін» деген ниетпен бергенін айтқан. Мұнымен қоса ол өзінің әрекетін жасыруға да тырыспаған - өзінің IP-мекенжайын да, әлеуметтік желіде жасырынбағаны да оны оңай табуға ықпал еткен.
«Ислам мемлекеті» хакері өзінің тұрған жері Малайзия полициясымен ұсталды. Сотта жүктелген айыптың бәрін мойындап, 20 жыл абақтыға қамалды.