Головкин – Брук жекпе-жегін 843 мың адам тікелей эфирден көрді
Лондондағы (Англия) 10 қыркүйек күні өткен Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегі екі ыңғайда НВО арнасынан көрсетілді
Басында тікелей арнадан Нью-Йоркте кешкі 18:00-де және 15:00-де Лос-Анджелестен көрсетілді, кейіннен түнге таман трансляция шеңберінде Роман Гонсалес пен Карлос Куадростың бас жекпе-жкгі қайталанды. Тікелей эфирден 843 мың көрермен тамашаласа, қайталанымда бұл көрсеткіз 593 мыңды көрсетті. Барлығы - 1,436 миллион көрермен.
Бұл сан нақты емес, себебі қайталауды қанша адам бірінші рет, қаншасы екінші рет көріп отырғанын есептеу мүмкін емес. Бірақ, аталмыш сан Головкиннің АҚШ-тағы жекпе-жегінің көрсеткішіне жақын, тікелей эфирден 1,325 миллион көрермен тамашалаған.
Гонсалес пен Куадрастың жекпе-жегіне келер болсақ, 833 мың адам көрген.