Шығыс Қазақстан облысында кеше 3 өрт оқиғасы орын алды
Өртке көп қабатты және жеке сектордағы үйлер оранды. Мамандар мұндай оқиғалар өрт қауіпсіздік техникасын сақтамағандықтан орын алады дейді
13 қыркүйек күні Өскеменде 2 өрт орын алды. Мыза көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4 қабатындағы пәтерде от шығып, 5 адам эвакуацияланды. Өртті өрт сөндірушілер тез арада өшірді. Екінші өрт 3-ші Паровохный қиылында жер үйде өрт орын алды. Өрт шығуының себебі – электроқұрылғыны дұрыс пайдаланбаған.
Бұл күні Глобокое ауданының Степное кентінде де жеке сектордағы үй өртке оранды. Мамандар өрт электр сымдарының шағылысынана орын алды деген пікірді алға тартты. Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ.