Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Беларусияның Паралимпиада комитеті Ресей туын шығарғаны туралы пікірін айтты

Беларусия құрамасының мүшелері Рио-де-Жанейродағы Паралимпиаданың ашылу салтанына Ойыннан шеттетілген ресей спортшыларымен ынтымақтастық белгісін көрсете Ресей туын алып шықтты

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Паралимпийский комитет Белоруссии прокомментировал вынос флага России
Фото:
novosti.ohorona24.com.ua

Осыған дейін, 8 қыркүйекте Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) ашылу салтанатына ресей туын алып шыққан спортшыны анықтағаны белгілі болды. Алайда, нақты кімнің істегені айқындалмады. Қазіргі уақытта, ХПК ережені бұзған адамға қатысты қандай шаралар қолданатындарын шешуде.

Паралимпиада-2016 ашылуы Рионың «Маракана» стадионында 7 қыркүйек күні өтті. Делегациялар шеруінде беларуссия құрамасының бір мүшесі ресей туымен шықты. Туды стадионның төрттен бірін жүріп шыққан спортшыдан тартып алған.

23 тамыз күні Беларусия Паралимпиада комитетінің төрағасы Олег Шепель ашылу салтанатына жарыстан шығарылып қалған ресейліктерге ынтымақ белгісі ретінде олардың туын алып шығатынына уәде берген. ХПК бұған тыйым салған. Кейіннен Шепель ресми делегация тек беларуссия туын көтеріп шығатындарын нақтылаған.

7 тамызда ХПК Ресей құрамасын толық құрамда Паралимпиадаға қатысудан шеттетіп тастаған. Бұл шешім WADA тәуелсіз комиссиясының Ричард Макларен жетекшілігімен жасалған баяндамадан соң негізге алынған болатын. Спорттық төрелік соты мен Швейцарияның федеральді соты ХПК шешімін әділ деп мойындады. Комитетте атлеттерінің дара арыздарын қараудан да бас тартқан.

Следующая →