Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Мемлекеттік бағдарлама аясында ауылының дамуына үлес қосуда

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу – тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің еңбек әлеуетін дамыту арқылы халықтың тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттың қатысушылары өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және аз қамтылған халық, оралмандар және ішінара жұмыспен қамтылған жалданған жұмысшылар бола алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылды жердегі жастар мен әйелдерге беріледі. Екінші бағыт ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына көмек көрсету. Ал үшінші бағыт еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды көздейді. Яғни, бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейдi. Бағдарламаның үшiншi бағытына оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлгеннен және Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн этникалық қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшiп келушiлер (бұдан әрi – этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер) қатысады. Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетiн болады.

Бүгінгі таңда көптеген жастар Алматы мен Астана қалаларына арман қуып, өзінің өмірін жаңаша құруға аттанса, Бақытбек Болатбекұлы керісінше өзінің арманын кіндік қаны тамған туған жеріне іздеп келді де «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына өз кәсібін ашу үшін жүгінеді.

Алматыдан ауылына арман қуып келді

Көкпекті ауданы Самар ауылында дүниеге келгенімен ата-анасымен бірге Алматы қаласында тұрған Бақытбек 25 жасқа келген кезде өзінің бағын Алматыдан емес, ауылынан іздеу керектігін түсінеді. Оның басты арманы халқына қолғабыс болу,

елінің көркеюіне үлес қосу еді.

- Алматыдағы жоғары оқу орнымды аяқтай салысымен мен мемлекеттік қызметке өтіп, халықпен етене байланыста жұмыс істедім. Уақыт өте келе ол мамандық арқылы көпке қол жеткізе қоймайтынымды ұқтым, - деп атап өтеді Бақытбек Ілиясов.

Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарында болып келгеннен кейін өзінің арманына қол жеткізудің өзге жолдарын қарастыра бастайды. Туған ауылы Самардағы қара шаңырағының барын ойына алып, өзінің ісін осында бастауды шешеді.

- Алматы қаласында алған білімімді, үйренген, білгенімді ауылға келіп, мақсатыма жету жолында іске асырғым келіп, осында жол тарттым, - дейді Бақытбек Болатбекұлы.

Алтын бесігі ауылына келе сала қандай кәсіпті нәсіп етсем деген сан-қилы ойларға жүгінген ол өндіріс саласында бағын сынауды жөн көреді.

- Ұзақ ойланып, Самарда өндірістің жоқтығын байқап, кеспе тас төсеуіштерін шығарумен айналысамын деген ойға келдім. Бастамамды жүзеге асыруға қаражат тапшы болғандықтан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарымды жинап, несие алып, ойлаған ісімді іске асыра бастадым, - деді Бақытбек Ілиясов.

Отан отбасынан басталады демекші, Бақытбек Болатбекұлының бойындағы барлық қасиеттер әкесінің тәрбиесімен қалыптасты.

- Туған жеріне деген сүйіспеншіліктен бастап, кәсіпкерлік бейіміне дейін асқар таудай тірегімнің арқасында қол жеткізіп отырмын, - деп атап өтті жас кәсіпкер.

Кәсібін ашып, өңірін өркендетуде

Небары 25 жасқа келген кезде өзінің туған ауылына келіп, жаңа кәсібін дөңгелете бастаған Болатбек үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының септігі тиді. Бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді көздейді. Бұл үшін кәсіпкерлерге шағын несие беріледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға көмек көрсетіледі. Кәсіпкерлік негіздері оқытылады.

- Кәсіпкерлік курстарға қатысуға мүмкіндігім болмады. Бірақ 3 млн теңге көлемінде шағын несиеге ие болып, кеспе тас төсеуіштерін әзірлеудегі негізгі бастамамды бастадым, - дейді Бақытбек Ілиясов.

Тас төсеуіштерін әзірлеуді ең біріншіден Болатбектің өзі үйренді. Сол үшін арнайы Алматы қаласына барып, төсеуіштерді жасауға арналған құрылғыларды алып, оны жасайтын құраммен танысады.

- Алматыда үйренгенім пайдама асқаны рас. Алайда тас төсеуіштерінің құрамын бірнеше рет эксперимент жасап өзім шығардым, - деп атап өтті Бақытбек Болатбекұлы.

Әр істе әттеген-ай деген сәттердің болатыны белгілі. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының шарттары біреуге ыңғайлы болса, енді біріне қиындықтар туғызатыны жасырын емес.

- Дамуға берілетін уақыт аздау. Несиені алғаннан кейін оны белгілі бір уақыт аралығынан кейін өтеуді бастау керексің. Менің жағдайымда өндіріске қажетті

инфроқұрылымды реттеуге жарты жылдай уақыт кетті. Яғни, ісімді әлі бастамай жатып, несие өтеуге кірістім, - дейді Бақытбек Ілиясов.

Өндірісі өрбіп, өнімін бере бастау үшін кәсіпкерге шамамен 1 жыл уақыт қажет болды. Қазіргі уақытта кәсібі дамып отырған кәсіпкердің қол астында бірнеше адам қызмет етіп, берілетін жұмыс көлемін уақытында жасап шығаруда.

- Жұмысшыларға бекіткен жалақым 50 мың теңге. Алайда олар жұмыс көлеміне байланысты кейде 50 мың теңгеден артық та табыс табады, - деді кәсіпкер.

3 жылда жас кәсіпкер Көкпекті ауданын ғана емес, облысымыздың өзге өңірлерін де тас төсеуіштермен жәнк құрылысқа қажетті өзге де кірпіш түрлерімен қамтамасыз етіп отыр.

- «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлері үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған зор мүмкіндік. Тек сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана білу керек, - дейді Бақытбек Болатбекұлы.

Жас кәсіпкер бұл жетістігімен әлі тоқтап қалмай, ауылындағы өндіріс саласын дамытуға әлі талай үлес қосатынына сенімді.

Следующая →
Тақырыптар: Жұмыспен қамту – 2020