ҚР жаттықтырушысы Көшпенділер ойынының киіну бөлмесінде монитордың жоқтығына наразылық білдірді
Қазақстан құрамасының белбеуден күрес жаттықтырушысы Ерлан Сатбаев спорт залының киім ауыстыру бөлмесінде монитордың болмауы ыңғайсыздық тудыратынын жеткізді
«Қонатын жер мен ас ішетін жерге еш қарсы пікірім жоқ. Алайда, тұратын жерден спорт кешеніне жету мәселе тудырады. Киім ауыстыратын бөлмеде теледидар жоқ, сондықтан кілемде не болып жатқанын көре алмаймыз», - дейді.
Сонымен қатар Сатбаев әзірбайжан күресінен өтетін жарыстан күтетін нәтижеге пікірін айтты.
«Гюлештен (әзірбайжан күресі) медаль алуға мүмкіндігіміз шамалы. Онда өзгеше ережелер. Бұған қарамастан өз күшімізді сынап көреміз. Біздің делегациямыздың 11-і – күресші», - дейді Сатбаев.
Осыған дейін қазақстандықтар қазақ күресінен бес алтын белгінің төртеуін жеңген.
Чолпон-Атада 3-нен 8-і аралығында 62 елдің қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны өтуде. БКО-2016 бағдарламасына 26 ұлттық ойын кіреді