Қазақстан күресшілері Көшпенділер ойынының барлық дерлік «алтын» белгісін жеңіп алды
Қазақстан күресшілері Қырғызстандағы Әлемдік көшпенділер ойыны аясында өтіп жатқан ұлттық қазақ күресінен барлық дерлік алтын белгіні жеңіп алды
Фото:
el.kz
Чолпон-Атада 3 мен 8 қыркүйек аралығында 54 елдің қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Ойын бағдарламасы 26 ұлттық ойын түрін қамтиды. Қазақ күресінің финалына 17 елден 58 спортшы қатысты. Барлығы 20 белгі: 5 алтын, 5 күміс және 10 қола (бір салмақ мөлшерінде екі қола). 5 салмақ деңгейінің төртеуінде қазақстандық күресшілер алтын белгіні ұтып алды. Жеңімпаздар Талғат Шегенов (60 кг дейін), Әділет Сейілханов (70 кг дейін), Дәулет Пахриденов (80 кг дейін), Сұңғат Закарияев (90 кг дейін). Тек Еламан Ерғалиев (90 нан жоғары) ресейлік Рустэм Арслановтан жеңіліп «күміс» белгі тақты. Ойын иелері – қырғызстандықтар – екі күміс және екі қола ұтты.
Следующая →
Тақырыптар:
Всемирные игры кочевников в Киргизии