Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан көпаршылары Әлемдік көшпенділер ойынында Қытайды күйретті

Қазақстен мен Қытай командалары арасындағы ойын 15:1 есебімен Қазақстан командасының еншісіне бұйырды

ІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны аясында қырғыздық Чолпон-Ата қаласының ипподромында топтық көкпар ойыны басталды. Толықтай, көкпар ойынынаА және Б тобына бөлінген 8 команда қатысады.
Бұл туралы Қырғызстан Республикасы билігі жанындағы жастар ісі бойынша, физикалық дайындық және спорты Мемлекеттік агенттігінің баспасөз-қызметі хабарлады.
Жеребе қорытындысы бойынша А тобына Америка Құрама Штаттары, Қытай халықтық Республикасы, Қазақстан жіне Ресейдегі Красноярск қаласының қатысушылары кіреді.

Б тобына Қырғызстан, Түркия, Башқұр (Ресей) және Ауғаныстан кіреді.

4 қыркүйекте АҚШ пен Красноярск командалары ойнады. Красноярск тобы АҚШ ты еселі 17:7 есебімен жеңді. Айта кету керек, американдықтар Қырғызстандағы көкпар сайсына бірінші рет қатысуда. Америка Құрама Штаттарының тобы Вайоминг штатының Джексон холынан келген он ковбойдан құралған.

Екінші ойын Қазақстан мен Қытай арасында өтті. Ойын 15:1 есебімен Қазақстанның құрама командасының жеңісімен бітті.

Башқұрт тобы Ауғаныстандық қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді.

Қырғызстан мен Түркия арасындағы жоспарланған көкпар ойыны жүзеге аспай қалды. Түрік құрамасы алдын-ала ақпараттандырылған және ойынға қатысатыны құпталса да Чолпон-атаға дер кезінде келе алмады. Түрік құрамасы 5 қыркүйек келеді деген сеннім бар. Көкпар ойынының ережесі бойынша сот корпусы түріктер жағына техникалық жеңіліс тағайындады.

5 қыркүйек күні Әлемдік көшпенділер ойыны асында Чолпон-Ата ипподромында ішкі топааралық көкпар ойыны жалғасады. 9:00 кезінде АҚШ пен Қытай командасы, 11:30 кезінде Қазақстан мен Ресей (Красноярск қ.), 13:00 Түркия мен Ауғаныстан және 14:30 кезінде Қырғызстан мен Ресей (Башқұрт) командалары сайсады.
Следующая →