Рио-де-Жанейродағы Олимпиада алауы салтанатты түрде сөндірілді
Бразилиялық Рио-де-Жанейрода XXXI жазғы Олимпиада ойындарының алауын салтанатты түрде сөндіру рәсімі өтті
Олимпиаданың жабылуы туралы Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах мәлімдеді.
Салтанатты шара бұған дейін спортшылар, еріктілер және кәсіби самбо бишілерінің қатысуымен болған карнавал ұйымдастырылған «Маракана» стадионында өтті.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиадалық алау 21 сәуір күні Гера шіркеуінде тұтанып, кейін 5 тамызда Олимпиаданың ашылу салтанатында Риодағы бас факелге ауыстырылған.
Келесі XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы Токиода өтетін болады.