Семейде қанды ЖКО орын алды
21 тамыз күні Семей қаласы маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Жүргізушілердің бірі ауыр жарақат алып, жолаушы оқиға орнында қаза болды
ЖКО куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, оқиға қас қағым сәтте болған. Өз жолағында келе жатқан «Тойота Ларгусты» «Лексустың» жүргізушісі басып озбақ болады. Сол сәтте рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде «Тойотаның» жүргізушісі аяғын сындырып, онымен қоса бірнеше жарақат алды. Ал бас жарақатын алған жолаушыны дәрігерлер құтқара алмады.
«Лексус» жүргізушісі жарақат алмады. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.