Қазақстандық гроссмейстер Садуақасова шахмат ойындарының әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Динара Садуақасова Бхубанесварда (Үндістан) аяқталған шахмат ойындарының жастар арасындағы чемпионатының триумфаторы болып танылды
Фото:
newsfactory.kz
20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста біріншілікке 57 қатысушы таласты. «Барлық чемпионат барысында Д. Садуақасова озық орындарға ие болып, 13 балдың 9,5 балын жинады. Екінші орынды Ресей өкілі иеленсе, үшінші орынды Үндістан қатысушысы қанжығасына байлады», - дейді хабарламада. Чемпионат КИИТ Бхубанесвар университетінің Орисс шахмат ассоциясының ұйымдастыруымен және ФИДЕ қамқорлығының аясында швейцариялық жүйемен 13 турдан тұрды. Интеллектуалды сайыс екі аптаға созылды. Д. Садуақасованың арқасында Қазақстанда шахмат белсенді дамуға жол ашылды, ол - жас гроссмейстерлердің ең жарқын өкілі.
Ол әлемнің үш дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін вице чемпионы және елімізде бірнеше рет чемпион атанған.
Следующая →
Ол әлемнің үш дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін вице чемпионы және елімізде бірнеше рет чемпион атанған.
Тақырыптар:
Шахматы