Александр Зайчиков Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Бүгін Риодағы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ауыр атлетика жарыстары қорытындыланды
105 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (223+193) келіні еңсерді.
Александр Зайчиков жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланды. Алдымен 185 келіні, одан кейін 190, соңғы мүмкіндігінде 193 келіні басынан асырды. Нәтижесінде отандасымыз бұл нәтиже бойынша үшінші орынға тұрақтады.
Серпе көтеруді Александр 223 келіден бастады. Одан кейін спортшының жаттықтырушылары 227 келіге тапсырыс берді. Бұл салмақты қазақстандық спортшы үшінші мүмкіндігінде көтергенмен, төрешілер есепке алмады. Нәтижесінде Александр Зайчиков Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.