Левит Олимпиаданың тоғызыншы медалін қанжығалады
Бүгін Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарында 91 келіге дейінгі салмақта бокстан ерлер арасында финал өтті
Шешуші сайыста қазақстандық Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкоға төрешілердің шешімімен 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) есе жіберіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына тоғызыншы күміс медальді салды.
Біздің олимпиадалық команданың есебінде барлығы 2 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» жүлде бар.
Ал бұған дейін өнер көрсеткен 52 келі салмақтағы Олжас Саттыбаев пен 75 келідегі салмақта Жәнібек Әлімханов жеңіліс тапты. Алайда Данияр Елеусінов (69 келіге дейінгі) алған жарақатына қарамастан финалға жолдама алды.