Олимпиадада 7-ші тамыз күні өткен жарыстардың қорытындысы
Риодағы Олимпиада ойындарының екінші күні қазақстандықтар бес спорт түрінен өнер көрсетті
Фото:
allinfo.kz
Рио Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос медаль түсіп, рухымыз бір серпіліп қалғаны анық. Өкінішке қарай, Олимпиаданың екінші күні өнер көрсеткен спортшыларымыз бірде-бір медальға қол жеткізе алмады.
Олимпиаданың екінші күні қазақ спортшыларынан алғашқылардың бірі болып, дзюдо күресінен 66 келідегі Жансай Смағұлов жарыс алаңына шықты.
Жасыратын несі бар, Олимпиаданың алғашқы күні күрестің бұл түрінен екі медаль еншілеген соң, бүгінде Смағұловтың жолына үлкен үмітпен қарадық. Өкінішке қарай, бұл үміт ақталмады.
Ол алғашқы айналымда Яспер Лефеверді жарыс жолынан шығарғанымен, екінші белдесуінде оңтүстіккореялық Ан Ба Улудан оңбай ұтылды.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа шалқалап жүзуден жарыстар өтті. Бұл сында қазақстандық Екатерина Рудакова бақ сынады. Алайда, жартылай финалға өтуге шамасы жетпеді. Ол іріктеу кезеңінде 100 метр қашықтықты 1:01.28 нәтижемен аяқтап, 6- орынға табан тіреді.
Ал теннистен ел үмітін арқалап келген Ярослова Шведова әйелдер арасында жекелей сында жапон қызы Мисаки Доидан ұтылды. Екі сеттің есебі - 6:3, 6:4.
Ал Галина Воскобоева жекелей сында өнер көрсеткен жоқ. Сондай-ақ жерлестеріміз теннистен жұптық сайыста да көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады. Бұл сайыстың бірінші айналымында Ярослава Шведова және Галина Воскобоева белгиялық теннисшілерден оңбай ұтылды. Қарсыластарымыз бірінші сеттің қорытындысында 6:1 есебімен алға шықты. Ал екінші айналымға келгенде қазақстандық жұп өз еріктерімен жарысқа шығудан бас тартты.
Рио Олимпиадасының екінші күні қазақстандық спортшылардан ең соңғы болып 56 келідегі ауыр атлетіміз Арли Чонтей өнер көрсетті. Чонтей қос сайыстың қорытындысы бойынша 278 (130-148) келіні бағындырды. Бұл көрсеткіш оны жеңіс тұғырына жетуге тым аздық етті.
Следующая →