"Барселона" ФК президенті жемқор деген күдікке ілінді
Хосеп Бартомеу клубқа 2014 жылдан бері басшылық етеді. Осы уақыт аралығында оның танымал футболшылармен арадағы кикілжіңі басылған емес
Шетелдік БАҚ ақпараттарына сүйенсек, каталониялық полиция "Барселона" ФК президентін жемқор деп айыптап отыр, деп жазады МИР24 сайты. Хосеп Бартомеу клуб атынан жасалған-мыс ірі келісімшарттардан қомақты сома алып отырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, полиция Хосепа Бартомеудің Лионель Месси мен Жерар Пике сынды белді аяқ доп шеберлеріне жасалған шабуылдарға да қатысы бар деген күдік тағады. "Барселона" ФК президентіне деген жағымсыз көзқарастарын Хави мен Карлес Пуйоль да білдірген. Бірақ клуб бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Следующая →