Футболдан Қазақстан Чемпионаты ұзақ үзілістен кейін оралды
Бүгіннен бастап қазақстандық футбол жанкүйерлері сүйікті командасына теледидар арқылы қолдау көрсете алады
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан премьер-лигасы наурыз айында тоқтатылып, белгісіз мерзімге шегерілген болатын. Алайда көп уақыт өткеннен кейін, футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жанданады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты. Бүгін жанкүйерлер бес матчтық ойынды көре алады: "Ордабасы" - "Шахтер", "Қайсар" - "Тараз", "Қызыл Жар" - "Оқжетпес", "Тобыл" - "Каспий", "Қайрат" - "Жетісу".
Сондай-ақ павлодарлық "Ертіс" командасы қаржылық қиындықтарға байланысты футболдан Қазақстан чемпионатынан шығып қалған. Осыған байланысты павлодарлық команданың ұпайлары жойылғандықтан, премьер-лиганың жағдайы өзгерді. Футбол ойыны көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтеді.
Следующая →