Гонконгта ұлттық қауіпсіздік жайлы заң қабылданса да, наразылық бәсеңдемей тұр
Ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылданғаннан кейін көшеге шығып, тәуелсіздік ұрандарын айтқан белсенділерді тыныштандыру үшін тәптіп сақшылары су зеңбіректерін қолданған
30 маусымда ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заң күшіне енді. Онда Гонконгта жасалған қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және жазалау туралы ережелер жазылған. Оларға сепаратистік әрекеттер, мемлекеттік билікті құлату әрекеттері, терроризм және шет мемлекеттермен немесе жат күштермен қастандық жасау әрекеттері жатады.
Заң күшіне енген күннің ертеңінде наразылық білдірушілер Хэннесси Роуд көшесіндегі өрт сөндіру станциясы ғимаратының алдына жиналып, Гонконгтың тәуелсіздігі үшін ұрандар айта бастаған. Полицияның қызметкерлерінің бұл әрекеттері заңсыз екендігі туралы ескертуіне қарамастан, жиналғандар тоқтаған жоқ. Ал тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді тарату үшін су зеңбіректерін қолданған.
Бұған дейін осындай тағы бір оқиға болған. Тәртіп сақшылары ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылданғаннан кейін алғаш рет Гонконгтың тәуелсіздігі туралы жалауы бар адамды қамауға алды.
Следующая →

Тақырыптар:
Протесты в Гонконге Закон о национальной безопасности Независимость Гонконга Политика в мире