Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО спортшысы Финляндия жерінде жеңіске жетті

Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық жарысында шығысқазақстандық спортшы топ жарды

Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық жарысында шығысқазақстандық спортшы Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік жарыста топ жарды. 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жастар арасында 10 шақырымдық классикалық әдіс бойынша барлығы 60 спортшы жарыс жолына шықты. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өту үшін өскемендік спортшыға финляндиялық және украиналық шаңғышылар бәсекелестік танытты. Дегенмен, 22:01:0 уақыты И.Люфт үшін жеңіске жетуге жеткілікті болды. Маусым алдындағы бұл жарыстар спортшылардың рейтингтік ұпайларының жоғарылауына жақсы мүмкіндік болып табылады. Айдың соңына дейін Финляндия жерінде тағы да 5 FIS сайысы өтетін болады. 

 – Бұл жарыстар бір жағынан алда тұрған жастар арасындағы әлем чемпионатына және Олимпиадаға дайындық болып табылады. Бұдан бөлек, осы бәсекелерде классикалық стиль бойынша спринттік жарыстарда бақ сынау жоспарда бар, – деді Иван Люфт.
Следующая →