Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Прокурорлар кәсіпкерлермен кездесті

Көкпекті ауданының прокурорлары кәсіпкерлермен кездесіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының ақпараттарына сүйенсек, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының Көкпекті аудандық филиалында «Кәсіпкерлікті сот қорғауы және медиация институтын насихаттау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға прокурорлар, судьялар, медиаторлар, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері,  сондай-ақ, мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері қатысты. 

Кәсіпкерлерді салық салу, сот актілерінің орындалуы, жер қатынастары саласында қаралатын даулы мәселелері алаңдатты.  

Сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері жекеше сот орындаушылардың жұмысына наразылық білдірді. Олар аудан прокурорының міндетін атқарушы Бауыржан Убиннің атына және қатысушылырға ұжымдық  арызбен жүгінді.          

Талқылау барысында  кәсіпкерлер несиелік серіктестіктердің «Ертіс ӘӘК ҰҚ» АҚ-ның алдында жинақталған берешек тақырыбын  көтерді. Кәсіпкерлер корпорация алдында өз міндеттемелерін өтеуге дайын ыждахатты заемшыларды борышкерлер санынан алып тастауын ұсынды. 

Өз кезегінде, аудан прокурорының міндетін атқарушы және басқа да құрылымдардың басшылары кәсіпкерлердің сұрақтары назарсыз қалмайтыны және бақылауға алынатыны жөнінде уәде берді.

Шараның соңында қатысушылар өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның жобасын талқылап, кәсіпкерлік субъектілерді қорғауға бағытталған және көмектесуге ықпал ететін бірлескен іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыратыны туралы келісті. 
Следующая →