Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

Катонқарағай ауданындағы тас жолды 2,5 мың текше метрге жуық қар жауып қалды, оқиға орнына құтқарушылар келді

Происшествия в Казахстане и мире / Стихийные бедствия / Лавина сошла в Восточном Казахстане
Фото:
ДЧС ВКО

Бүгін күндіз Согра-Барлық автожолының 16-шы шақырымында қар көшкіні түсті.

2400 текше метрге жуық қар көлемі жолды бірақ жауып қалды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деді ШҚО ТЖД мамандары.

Осы орайда айта кеткен жөн, құтқарушылар көшкін жүру қаупі бар аумақтарды тікұшақпен барлайды. Бұндай барлау жұмыстары бүгін де жасалған.

ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ Ми-171 тікұшағымен Өскемен — Глубокое ауданы — Шемонаиха ауданы — Бородулиха ауданы бағыты бойынша қар үйіндісі мен өзен деңгейлері, сондай-ақ Ертіс өзеніндегі гидрологиялық жағдай тексерілді, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.

ҚР ТЖМ мамандары дайындаған жоспар бойынша өңірге су басу қаупі төнсе, арнайы күштер мен жергілікті атқарушы орган құралдары жұмылдырылады: 1 524 адам, 838 бірлік техника және 179 мотопомпа, сонымен қатар ШҚО ТЖД резерві: 431 жеке құрам қызметкерлері, 78 бірлік техника, 30 жүзу құралы және 176 мотопомпа.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланған, қар көшкіні жүру қаупі 4 сәуірге дейін созылады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу керек.



Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →