Өскемендегі Үлбі көпірі астындағы жол ашылады
Көлік қозғалысы жақын күндері жанданады, жол қызметкерлері бетон негізін тегістеу жұмыстарын жүргізуде

Қалалық коммуналдық қызмет мамандары Астана және Протозанов көшелерімен өтетін көпір астындағы жолды уақытша ашпақ.
Бүгінгі күні Үлбі көпірі астындағы асфальт жабынды бетон негізіне дейін толығымен сыдырылды, - деп хабарлады Өскемен қ. ТҮКШ бөлімінің басшысы Еркін Тұраров. - Қазіргі уақытта тазарту, дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Кейін көліктер бетон үстімен жүре беретін болады.
Егер Үлбі суы көтерілсе көлік қозғалысына шектеу қойылатындығы ескертілді.
Тасқын жүру қаупі сейілген соң асфальт төселеді, - деп қосты мекеме басшысы.