Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мәліметтері бойынша, 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с жетеді

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға аса сақ болуды ескертеді. Өйткені күн күргіреген кезде найзағай түсуі  қауіпті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандары терезелерді, есіктерді, түтін құбырларын және желдеткіш саңылауларды жабуға кеңес береді. Пеш жағуға болмайды. Өйткені мұржадан шығатын жоғары температуралы газдардың кедергісі төмен. 

Найзағай түскен кезде электр сымдарына,  антеннаға жақындамаңыз. Терезенің жанында тұрмаңыз. Мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа электр құрылғыларын өшіріңіз. 

Бұршақ жауған жағдайда үйден шықпай, мүмкіндігінше терезелерден аулақ болыңыз. Электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, өйткені бұршақ әдетте найзағаймен бірге жүреді. Сыртта болсаңыз жақын маңдағы ғимаратқа кіруге тырысыңыз. Көлікті көлікжайға қойыңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Следующая →