"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қатары жаңа әскери қызметшілермен толықты
Кешегі әскери оқу орындарының курсанттары бүгінде жеке құрамға бағынатын командирлерге айналды
Лейтенанттар кіші офицерлердің негізінен взвод командирлері мен рота командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, лауазымдарына тағайындалды. деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Әскери жоғары оқу орнының түлектері Өскемен, Семей және Павлодар гарнизондарының әскери бөлімдерінің құрамын толықтырды, - деп хабарлады ҚР ҰҒ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Кешегі әскери оқу орындарының курсанттары бүгінде жеке құрамға бағынатын толыққанды командирлер болып табылады және олардың қатарында тек жедел қызмет әскерлері ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызметшілерде бар.Жас офицерлер келгеннен кейін сарбаздар өз мамандықтары бойынша біліктіліктерін арттыратын оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Олар жауынгерлік дайындық сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, қарауылдардың, әскери отрядтардың жауынгерлік қызметін, взводтардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы білімдерін, әдістемелік дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ бөлімшелердің қызметтік және жауынгерлік іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулықтарды зерделеді.
- Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсатты - жас офицерлерді мамандықтарына сәйкес аймақтық қолбасшылықтың әскери бөлімдеріне бөлу. Сондай-ақ бағыныштыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде жеке құраммен жұмыс істеу кезіндегі қызмет бағытын көрсетеді, - деп атап өтті ҚР ҰҒ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Рүстем Ақбалин мен командирдің орынбасарлары жас лейтенанттармен кездесіп, әскери қызметтегі өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отан игілігі үшін абыроймен қызмет етуге шақырды.
Тақырыптар:
РгК "Шығыс" НГ РК Национальная гвардия РК Курсанты поступили на службу воинских частей ВКО