Үндістанда табиғи апаттан адам шығыны
Үндістанның шығысына күтпеген жерден Фани тропикалық циклоны төніп, адамдар өлді
Үндістанның шығысындағы Орисс штатына жойқын күшті циклон жетті, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Салдарынан 8 адам қайтыс болған. Циклон Бенгаль шығанағы жағынан жеткен. Жел жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрады. Соңғы 20 жылда бұндай циклон бүкіл Үндістанда тіркелмеген.
Желдің кесірінен темір жол қатынасы мен әуе қатынасы тоқтатылды. Орисс штатынан 1 миллионға жуық тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.