Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына үшінші үміткер тіркелді
Sputnik Казахстана сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркелген Амангелді Таспихов сайлау жарысына қатысады
Амангелді Таспихов бұған дейін, сенат депутаты, мәжілістегі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының жетекшісінің орынбасары лауазымдарында болған.
Амангелді Таспиховты қолдауға барлығы 122 мың жиналған қолдың 119 557 сі расталды. Жиналған қолтаңбалардың саны кандидаттың президенттікке сайлануына жеткілікті екендігі расталып Амангелді Таспиховқа үміткер күәлігі табысталды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.