Индонезияда табиғи апаттардың шығыны есептелінді
Cулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунамиден келген экономикалық шығын шамамен миллиард долларlы құрады
Табиғи апаттарға қарсы күрес агенттігі Индонезияның Сулавеси аралында жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан кем дегенде 911 млн доллар шығын келгенін мәлімдеді.
Қыркүйектің аяғында болған табиғи апат 2256 адамның өмірін жалмады. Ал 4 612 адам жарақат алды, 220 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды. Жер сілкінісінің нәтижесінде 70 мыңға жуық үй және мыңдаған басқа ғимараттар бүлінді.
- Табиғи апаттардан келген залалдар бұдан да үлкен болуы мүмкін. Қазіргі ақпарат осы шақтағы мәліметтермен есептелінді, - дейді Табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохо.