Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Көшеде жанжал шығарып, адамды пышақтап кеткен

ШҚО ІІД қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде қызу талқыға түскен бейнежазба туралы пікір білдірді

Жұма күні кешкі уақытта белгісіз ер адам көшеде өтіп бара жатқандардың біріне пышақ ала жүгірген. Дәл сол уақытта ол жерде потрульдік полиция жүріп, оқыс оқиғаның алды алынды.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 қазан күні Ворошилов көшесін торуылдап жүрген полиция қызметкерлері сөзге келіспей қалған екі азаматтың әңгімесінің арты жанжалға ұласқанын байқаған. 36 жастағы азамат 47 жастағы азаматқа пышақ жұмсаған.

Тәртіпсіздікті тыюға келген полиция қызмекерлерінің өзіне пышақ кезеніп, көзі қанталап тұрған азаматты тек тәртіп сақшыларының ауаға атқан ескерту оғы ғана тоқтатқан. Күдікті қолға түсті.

- Қазіргі уақытта адам денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолға түскен азамат уақытша қамау изоляторына тоғытылды, - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Зардап шеккен азамат тірі, ауруханаға жеткізілді. 

Следующая →