АҚШ-қа дауыл жақындап келеді
АҚШ-тың оңтүстік жағалауына "Майкл" тропикалық дауылы жақындап келеді
Одан бөлек, Куба мен Мексика жағалауына да қауіп төндіруде. Мамандар дауыл сәрсенбі күні Флорида штатына жетпек. Ал дауыл Флорида жағалауына жеткенше одан әрі күшейе түспек.
- Дауылдың қуаты әлі белгісіз. Флорида мен Мексика жағалауында дауылдың кесірінен биік толқындар пайда болуы мүмкін, - дейді АҚШ Ұлттық дауыл орталығы.
Метеорологтар "Майкл" дауылының кесіріне жолдар жабылып, электр жарығы өшіп қалуы мүмкін дейді.