Филиппинде дауыл салдарынан құрбандар саны артуда
Соңғы мәліметке сәйкес, Филиппиннің солтүстік-шығыс жағалауында "Мангхут" дауылы салдарынан 80-нен астам адам мерт болды
Филиппиндік биліктің мәліметінше, дауыл салдарынан құрбан болғандардың саны 81 адамға жеткен. Одан басқа, 70-ке жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың арасында өлгендер бар болуы мүмкін.
Құрбандардың ең көп саны Кордильер әкімшілік аймағында тіркелді. Бұл аймақ дауылдан ең көп зардап шеккен өңір.
Табиғи апаттан Филиппинде 800 мыңнан астам адам зардап шеккен. Сонымен қатар, дауыл Гуандун Қытай провинциясына да жетіп, 2,45 миллион адам эвакуацияланды.