Қытайда тайфунға байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланған
Фуцзянь провинциясына жақындап қалған "Мария" тайфунына байланысты елде қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланған
ҚХР Метеорологиялық басқармасы Қытай жағалауларына жақындап қалған тайфун туралы хабарлады, деп мәлімдеді Новости РАА сайты.
Қазіргі уақытта тайфун провинциядан 700 шақырымда. Болжам бойынша, тайфун 11 шілде күні таңертең жетіп, жел жылдамдығы секундына 48 метр болмақ.