Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда еңбекақы көбейіп, салық азаяды

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Айтылған шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректерін сүйенсек, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады.

Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз.

Мәселе, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі, қалады - 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы - ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) - 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады.

Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 - (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады - 2 583*10% = 258 теңге.

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.



Следующая →